Аспаздар байқауы «Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі аясында өткізіледі. Байқаудың мақсаты – жергілікті балық өнімдерін насихаттау, өңірдің гастрономиялық мәдениетін дамыту, аспаздардың кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау. Өтетін күні: 2026 жылғы 17 маусым Өтетін орны: Атырау қаласы, Исатай-Махамбет алаңы
Жүлде қоры
«Қазыналы Каспий» байқауының қатысушыларын қомақты ақшалай сыйлықтар, кәсіби мойындау және жаңа мүмкіндіктер күтеді.
Бас жүлде
Байқау жеңімпазына арналған бас жүлде
300 000 теңге
Кубок • Медаль • Диплом
Екінші орын
Серіктестер атынан 150 000 теңгелік сертификат
150 000 теңге
Медаль • Диплом
Үшінші орын
Серіктестер атынан 75 000 теңгелік сертификат
75 000 теңге
Медаль • Диплом
Бағдат Қадыров
Іс-шара ұйымдастырушысы
Бағдат Қадыров — шеф-аспаз, гастрономиялық жобалардың ұйымдастырушысы және кәсіпкер. @sharbaq_atyrau және @bagdat_cookmeatmarket жобаларының негізін қалаушы. @astorg_horeca, @qazyna_atyrau_ және @dep_atyrau брендтерінің ресми амбассадоры. Ауқымды гастрономиялық іс-шараларды ұйымдастыруға және аспаздық мәдениетті дамытуға маманданған.
Байқау Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Бас серіктес
Kolgu Limited
instagram: @kolgu_horeca_kz
Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалінің ұйымдастыру комитеті
«Atyrau Creative Hub» шығармашылық орталығы
Атырау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы
Қатысудың артықшылықтары
«Қазыналы Каспий» байқауына қатысу кәсіби дамуға, танымал болуға, тәжірибе жинақтауға және сала көшбасшыларымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Мансаптық өсу
Өз шеберлігіңізді көрсетіп, кәсіби деңгейіңізді жаңа сатыға көтеріңіз.
Танымалдық пен мойындау
Кәсіби ортада танылып, аспаздық қауымдастық арасында беделге ие болыңыз.
Кәсіби дағдыларды дамыту
Тәжірибе алмасып, жаңа білім мен дағдыларды меңгеріңіз.
Нетворкинг
Сала көшбасшыларымен танысып, пайдалы кәсіби байланыстар орнатыңыз.
Тіркелу
«Қазыналы Каспий» байқауына қатысу үшін тіркеліңіз. Байланыс деректеріңізді және қажетті ақпаратты толтырыңыз. Өтінім жіберілгеннен кейін сізге растау хабарламасы жіберіледі.
Жиі қойылатын сұрақтар
Байқауға кәсіби аспаздар, шеф-аспаздар, қоғамдық тамақтандыру саласының қызметкерлері және аспаздық өнермен айналысатын мамандар қатыса алады. Жалпы қатысушылар саны 9 адаммен шектеледі.
Байқау командалық форматта өткізіледі. Тіркеуден өткен қатысушылар жеребе арқылы 3 командаға бөлінеді. Әр командада 3 қатысушы болады және команда капитаны (шеф-аспаз) сайланады.
Қатысушылардың жұмыстарын тәжірибелі бренд-шефтерден құралған қазылар алқасы бағалайды. Бағалау тағам сапасы, балықпен жұмыс істеу техникасы, жұмыс орнының ұйымдастырылуы, уақыт тәртібін сақтау және командалық жұмыс критерийлері бойынша жүргізіледі.
Әр команда жергілікті балықтан тіскебасар, балық сорпасы және негізгі балық тағамын әзірлеуі қажет. Әр тағам қазылар алқасына екі порцияда ұсынылады.